Жануарларды ветеринарлық өңдеу жөніндегі операторы

3W08410101
14633 қаралым

Сипаттама

Жануарларды ветеринарлық өңдеу жөніндегі оператор –жануарлар мен құстарды зерттеу кезінде емдеу-профилактикалық өңдеу, егу, диагностикалық препараттарды енгізу жұмыстарын жүргізетін маман.

Жануарларды ветеринариялық өңдеу жөніндегі оператордың міндеттеріне мыналар да кіреді:

  • жануарлар мен құстардың ауруларының және өлім-жітімін алдын алу бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру;
  • оқшаулағыштағы ауру жануарларға күтім жасау;
  • ветеринариялық мамандарға жануарларды емдеуге көмек көрсету;
  • жарақат алған, уланған жағдайда жануарларға алғашқы көмек көрсету;
  • жараларды емдеу;
  • жануарларды піштіру;
  • ветеринариялық мамандарға босандыру және зерттеу үшін материал алу кезінде көмек көрсету.

Орта есеппен алғанда жас маман жалақысы 100-130 мың теңгені құрайды.

Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу үшін және одан әрі жұмыс істеу үшін студент биология, химия негіздерін білуі қажет.

Медициналық-санитарлық және әлеуметтік мейірбике қызметкерінің бойында төзімділік, өзін-өзі бақылау, физикалық төзімділік, жақсы моторика, реакция жылдамдығы, жануарларға деген сүйіспеншілік, зейінділік, шыдамдылық сияқты қасиеттердің болуы маңызды.

Жоғары деңгейдегі маман болу үшін 5-7 жыл қажет.

Жас маман қиындықтарға тап болуы мүмкін, себебі бұл мамандық үлкен жанқиярлықты, шыдамдылықты, төзімділікті, ең бастысы – батылдық пен тез шешім қабылдай білуді қажет етеді.

Бұл мамандықтың басты артықшылығы – жануарларға көмек көрсету.

Кемшіліктерге есінен танып қалатын, қозғалыс үйлесімділігі бұзылған, аллергиялық аурулары бар адамдарға қарсы көрсетілімдер бар екендігін жатқызуға болады.

 

Қалай түсуге болады

Қабылдау емтиханы:
Емтихансыз. Әңгімелесу

47
Орындар саны
0
Қазіргі үміткерлер саны

Бейіндік пәндер

Қайда жұмыс істеуге болады

Бұл мамандықтың түлектері ветеринарлық клиникаларда, жылқы зауыттары мен құс фабрикаларында, балық және аң өсіретін кәсіпорындарда, питомниктерде, фермерлік шаруашылықтарда, ет комбинаттарындағы өндірістік-ветеринарлық бақылау бөлімдерінде, ет-сүт және тамақ бақылау станцияларында, зертханаларда жұмыс істей алады.

Бізді қалай таба аласыз

+77103121306
shet-ag-teh@krg-edu.kz
Шетский район село Аксу-Аюлы ул. Жапакова 14
https://sak.mycollege.kz/